Баспасөз-релиздері

Кәсіпкерлерге өз бизнестерін интернетте қалай жылжыту туралы айтылады

Кәсіпкерлер клиенттерді тарту үшін жиі жасайтын бірінші нәрсе ол Instagram-да аккаунт құру. Бірақ оны қалай жетілдіріп және сатылым жасауға болады? Бұл туралы 16 қараша күні IT-хабта өтетін "Әлеуметтік желілерде жылжытудың заманауи құралдары" митабында айтылады.

Іс-шараның спикері Just Up agency компаниясының СЕО-сы Константин Носонов болады. Ол сізге тиімді болу үшін алға жылжыту стратегиясымен жұмыс істеуге қалай қарау керектігін айтады. Сондай-ақ Константин қазір контентке ақша салу керек пе және осы ақпараттық шуда аудиторияға көрінетіндей оны қалай жасау керектігі туралы өз пікірімен бөліседі.

Митапта спикер тәжірибе жүзінде байланыс тиімділігін арттыру үшін стратегиямен қалай жұмыс істеу, аудиториямен қарым-қатынасты қалай құру, қандай заманауи құралдарды қолдану керектігін талдайды.

Митапты шағын және орта бизнес иелеріне, стартаперлерге, SMM-мамандарға ұсынамыз. Қатысу тегін, сіз офлайн және онлайн форматтарына қосыла аласыз. Офлайн аудиторияға қатысушылар ұйымдастырушылардан кітаптың ұтыс ойынына қатыса алады.

Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/marketing 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 16 қараша, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС