Баспасөз-релиздері

SMM-маманы жарнамалаудың өзекті әдістері туралы айтып береді

SMM трендтері үнемі өзгеріп отырады. Толқында қалу және аудиторияның жауабын жоғалтпау үшін бизнес иелері мен маркетологтар өз білімдерінің қоржынын үнемі толықтырып отыруы керек. Ол үшін 15 қазан күні IT-хабта "Заманауи SMM" тақырыбында митап өтеді.

Іс-шараның шақырылған спикері SMM-маманы, таргетолог Алина Юрышева болады. Ол тегін жылжыту әдістері, соңғы трендтер және Stories пен Reels жүргізудің маңыздылығы туралы айтады. Сондай-ақ қатысушылар 2022 жылы Instagram-да жарнамалау жолдарын, контент түрлерін және ақша табу үшін не жариялау керектігін, мықты жеке бренд құру жолдарын талдайды.

Сөз соңында спикер офлайн аудиторияның ең белсенді қатысушысын таңдап, оған ұсынылған әдебиеттер тізімінен кітап сыйлайды. Митап кәсіпкерлерге, стартаптарға, маркетологтарға, SMM-мамандарына, сондай-ақ өз қызметтерін әлеуметтік желілерде сатқысы келетін түрлі салалардың сарапшыларына пайдалы болады. Қатысу тегін.

https://terricon.kz/ru/marketing митапқа тіркелу сілтемесі.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 15 қазан, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС