Баспасөз-релиздері

Фронтенд негіздері бойынша тегін курс басталады

2025-05-08 11:39
12–30 мамыр аралығында “Фронтенд негіздері” тақырыбында интенсивті курс өтеді. Іс-шара Бұқаржырау ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бұл бастама - жергілікті жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға және студенттерге, жаңадан бастап жатқандар мен жаңа мамандық игергісі келетіндерге IT-саласына алғашқы қадам жасауға бағытталған.

Курсты Ислам Капкаев жүргізеді - алты жылдық тәжірибесі бар фронтенд-әзірлеуші, оның ішінде төрт жылдан астам уақыт Катардағы өнімді IT-компания Snoonu-де жұмыс істеген. Ислам IT саласының ішкі жұмысын жақсы біледі және күрделі нәрселерді қарапайым тілмен түсіндіре алады - бұл әсіресе жаңадан бастаушылар үшін маңызды.

15 сабақ ішінде қатысушылар фронтенд-әзірлеудің негізгі құралдарымен танысады: сайттарды нөлден бастап жасауды, HTML және CSS-ті қолдануды, беттерді безендіру мен оларды мобильді құрылғыларға бейімдеуді, Figma арқылы дизайн-макеттерді жинауды, өз жобаларын интернетке жариялауды үйренеді. Сонымен қатар курс барысында Git нұсқа бақылау жүйесімен және GitHub платформасымен танысу қарастырылған - бұл қатысушыларға жай ғана беттерді белгілеуден бөлек, өз жобаларын сенімді басқаруға мүмкіндік береді. Курстың соңғы кезеңінде қатысушылар өз жасаған сайтын қорғап, ментордан кері байланыс алады.

Курс оқушыларға, студенттерге және IT саласына жаңадан қадам басқан жандарға арналған. Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 12-30 мамыр, 16:00 - 18:00
Өткізелетін орны: Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты, Үштөбе ауылы, Абай көшесі, 30
Форматы: офлайн / онлайн