Баспасөз-релиздері

Шахтинск технологиялық колледжінде SMM негіздері бойынша студенттерге арналған тегін курс басталады

11 қарашада Шахтинск технологиялық колледжінде студенттерді SMM негіздеріне оқытуға бағытталған білім беру курсы басталады. Жұмыс жасап жүрген әлеуметтік медиа мамандарының жетекшілігімен студенттер әлеуметтік желілердің бизнесті дамытуға қалай ықпал ететіні және брендтерді құруға көмектесетіні туралы практикалық білім алады.

Курс 29 қарашаға дейін жалғасады және дәрістерді, практикалық сабақтарды және шынайы кейстерде талдауды біріктіреді. Жүргізуші ретінде әр түрлі digital-платформалармен жұмыс істейтін және әлеуметтік желілерде брендтерді жылжытуға белсенді қатысатын тәжірибелі SMM-мамандар: Анастасия Кормилицына және Дмитрий Спичак болады.

Курс бағдарламасында:

SMM негіздері: бұл не және бизнес үшін қалай жұмыс істейді

Компанияның дамуындағы әлеуметтік медианың рөлі

Жаңадан бастаушылардың негізгі қателіктері және олардың алдын алу жолдары

Курсқа колледж студенттері де (офлайн форматта) және барлық тілек білдірушілер де (онлайн форматта) қатыса алады. Оқыту тегін жүргізіледі, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/

Қашан: 11-29 қараша
Өткізілетін орны: “Шахтинский технологический колледж”, “Шахтинск технологиялық колледжі” КМҚК, Шахтинск қ., Абай Құнанбаев даңғ., 9
Форматы: офлайн - колледж студенттері үшін, онлайн - барлық ниет білдірушілер үшін

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.