Баспасөз-релиздері

Сөйлесу клубында маркетингтің өнімге әсері талқыланады

8 мамыр күні маркетингтің тұтынушылардың мінез-құлқына әсері тақырыбына арналған сөйлесу клубының онлайн-кездесуі өтеді. Қатысушылар өнімді қабылдау қалай қалыптасатынын және бұл үдерісте әлеуметтік желілердің қандай рөл атқаратынын талқылайды.

Кездесудің модераторы – ағылшын тілі оқытушысы әрі UNICEF Kazakhstan ұйымының волонтері Карина Костина. Жанды пікірталас форматында қатысушылар маркетинг пен сатылымның өзара байланысының практикалық қырларын қарастырып, коммуникациялық стратегиялардың клиенттердің шешім қабылдауына қалай әсер ететінін талдайды.

Іс-шара ағылшын тіліндегі сөйлесу клубы форматында өтеді, бұл қатысушыларға тақырыпты тереңірек түсінумен қатар, кәсіби ортада ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Кездесу студенттерге, маркетинг және сату саласының мамандарына, сондай-ақ өз құзыреттерін дамытып, тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге арналған.

Іс-шараға қатысу тегін. Тіркелу үшін сілтеме: https://terricon.kz/ru/marketing

Іс-шара Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Өтетін уақыты: 8 мамыр, 18:00

Өтетін орны: «Терриконовая долина» IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн/онлайн