Телефоннан керемет бейнероликтер жасауға дайындалыңыз!
2023-10-27 14:43
Бейне ойындар мен визуалды контент қоғам үшін маңызды бола бастаған әлемде сапалы бейнелер жасай білу қазіргі заманғы диджитал мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан белгілі контент-мейкер, SMM менеджер және фрилансер Георгий Сергеев бейнелерді монтаждау өнерін тікелей мобильді құрылғылардан үйренгісі келетіндердің барлығын өзінің бірегей митапына қатысуға шақырады.
Бұл іс-шараға қатысушылар:
СapСut қосымшасының функционалын толығырақ талдайды: оның мүмкіндіктері мен бейнелерді монтаждау құралдары туралы біледі.
Монтаж жасауда көрерменнің назарын аударуға және оны ұстап қалуға қандай құралдар көмектесетінін біледі: қызықты контент құруға арналған практикалық дағдылар мен кеңестер.
Бейнероликтарыңызды түрлі платформаларға бейімдеу бойынша практикалық кеңестерді тыңдайды: контент аудиторияға қалай қолжетімді және тартымды ету керектігін біледі.
Бұл іс-шара онлайн-қатысуын жақсарту үшін бейнелерді пайдаланғысы келетін мобилографтарға, контент-мейкерлерге, SMM менеджерлеріне және кәсіпкерлерге пайдалы болады.
Смартфоннан тікелей қызықты бейнелер жасауды үйрену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Георгий Сергеевтің митапына қосылыңыз және контентті қалай ұмытылмастай жасау керектігін түсінесіз!
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.