Баспасөз-релиздері

Денис Ахметов жаңадан бастаушы әзірлеушілерге арналған курс өткізеді

9 желтоқсан күні IT-хабта "Python-да телеграм-бот әзірлеу" тақырыбы бойынша екі күндік тегін курс басталады! Спикер ретінде Nexus Pro компаниясындағы Middle Backend Developer Денис Ахметов болады. Қатысушылар теорияны толық зерттейді және сарапшының бақылауымен өз боттарын жасай алады.

Оқу бағдарламасы Python-дағы деректер түрлері, циклдар, шарттар , функциялар және декораторлар сияқты тақырыптарды зерттеуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ спикер Telegram-ботының қалай жұмыс істейтінін, BotFather деген не және ол не үшін қажет екенін, Аiogram көмегімен қарапайым ботты қалай жазу керектігін, ботты "ақылды" етіп, логиканы қалай қосу керектігін талдайды.

Бизнес-процестерді автоматтандырғысы келетін бастаушы әзірлеушілер мен кәсіпкерлерді шақырамыз. Оқытуға офлайн немесе онлайн форматында қатысуға болады. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/marketing

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 9-10 желтоқсан, 12:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.