Команданы қалай ынталандыруға болады: HR және басшыларға арналған дәріс
2024-11-12 18:39
15 қараша күні "Терриконовая долина" ІТ-хабында команданы ынталандыру мен оларды жұмысқа тартудың практикалық құралдарына арналған HR мамандары мен басшыларына арналған дәріс өтеді. Іс-шара онлайн және офлайн - гибридті форматта өтеді.
Спикерлер - HR және L&D саласында көп жылдық тәжірибесі бар сарапшылар, Tekmates.pro компаниясында HR BP Мария Солодова және Ольга Гуринова. Мария KPMG және “Росатом” компанияларда 10 жылдан артық тәжірибесі бар. Ал Ольгада - командалық динамика мен қызметкерлердің дамуын басқаруда 12 жылдан астам тәжірибесі бар. Арнайы қонақ ретінде @tekmates.pro компаниясында HR-менеджер Зарина Айткулова қатысады, оның 6+ жылдай тәжірибесі бар.
Дәрісте келесілерді талдайды:
Команда жағдайын диагностикалау әдістері;
Бүкіл компания деңгейіндегі жұмыскерлерді қатыстырту форматтары туралы: тимбилдингтер, басшылықпен бірге Q&A және басқа да тиімді тәжірибелер;
Жеке командаларға немесе бөлімшелерге қатысудың жеке тәсілдері: бірлескен демалыстан бастап инновациялық техно-презентацияларға дейін.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.