Бекзат бизнестің түрлі салаларын жылжыту бойынша өзінің кейстерімен және жарнамаға арналған тамаша идеяларды қалай ойлап табуға болатыны туралы кеңестерімен бөліседі. Сондай-ақ митапта SMM-агенттіктерімен жұмыс жасау тақырыптары, SMM-стратегиясын құру ережелері және жиі кездесетін қателіктер талқыланады. Қатысушылар қазір қандай контент өзекті екенін және пайдаланушылармен қандай фикалар жұмыс істемейтінін біле алады.
Митап маркетологтарға, SMM-мамандарына, PR-менеджерлеріне, бизнес иелеріне, стартаперлерге және әлеуметтік медиа маркетинг тақырыбына қызығушылық танытқандардың барлығына пайдалы болады. Қатысу офлайн және онлайн форматтарында қол жетімді болады.
https://terricon.kz/ru/marketing сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 30 шілде, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС