Баспасөз-релиздері

Митапта сізге тиімді сату бөлімін қалай құру керектігі айтылады

Сату бөлімі - бұл клиент пен тауар немесе қызмет жеткізушісін байланыстыратын буын. Дәл осы бөлімнің арқасында компания туралы әсер қалыптасады және кіріс көрсеткіштері артады. 10 маусым күні ІТ-хабта Clockster компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Даурен Базилов сөз сөйлейді, ол сіздің компанияңыздың пайдасын арттыратын тиімді бөлімшені қалай құру керектігін айтып береді.

Митапта Даурен сатушылардың түрлері туралы және сізге қайсысы қажет, команда не себептен маңызды және клиенттің әрқашан дұрыс екендігі туралы айтады. Сондай-ақ спикер фейлдерден қалай пайда табуға болатындығын және қосымша сатылымның не екенін түсіндіреді.

Қатысушылар "сатушылар" үшін оқытудың маңыздылығы, кірістерді болжауға, ресурстарды бөлуге және проблемаларды уақытында анықтауға көмектесетін ынталандыру жүйелері мен есеп беру нысандары туралы біледі.

Митапқа бизнес иелеріне, шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне, стартаперлерге келуді ұсынамыз. https://terricon.kz/ru/marketing сілтемесі арқылы өтіп, тіркеліңіз. 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 10 маусым, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.