Біздің сарапшылар
Оқыту бағдарламалары аясында қатысушылармен бірге арнайы шақырылған тәжірибешіл мамандар жұмыс істейді. Олар воркшоптар мен жеке консультациялар өткізеді, ол жерде өз білімдерімен бөліседі және өнімді дамытудың барлық кезеңдерінде бағыттайды
  • Татьяна Хасанова

    Масштабтау, келісімшартты жасаудағы заңды аспектілер, жобаның негізін қалаушының операционкасынан шығу, табыстау, бизнесті қашықтан басқару, келіссөздер мен кездесулер, тапсырмаларды уақытында және қажетті нәтижемен орындалатындай етіп, қалай тапсырманы қою керек, бизнес жоспар әзірлеу.

  • Николай Тян

    Нарық пен бәсекелестерді талдау, маркетинг, питч-сессия тәжірибесі, CustDev, инвестициялық мүмкіндіктер, құндылық ұсынысы, мақсатты аудитория.

  • Виталий Сава

    MVP дегеніміз не, өнімді дамытудағы MVP орны, агенттіктің стартаптармен жұмыс істеудегі ерекшеліктері, стартап дегеніміз не және оны қалай дамыту керек, үнемді стартаптың негізгі принциптері, жарнама

  • Александр Шинкаренко

    Маркетинг стратегиясы, интернет-маркетинг және CRM, экожүйені құру, келіссөздер, проблемалық сұхбатты қалай жүргізу керек MVP үшін не қажет.

  • Карина Цой

    UX/UI дизайн негіздері, Figma және Tilda құралдарымен жұмыс істеу, сайттар мен қосымшалардың дизайнын жасау және оңтайландыру, фриланста жобаларды жүргізу және жылжыту, графикалық дизайн, Adobe Illustrator және Adobe Photoshop бағдарламаларымен жұмыс. Сондай-ақ компанияларға төлем жүйелерін қосуға көмектеседі.

  • Спартак Юсупов

    9 жылдық тәжірибесі бар заңгер, корпоративтік және еңбек құқығы бойынша кеңес береді, бизнесті құқықтық сүйемелдеуге және күрделі құқықтық мәселелерді шешуге маманданған.

  • Евгений Стерхов

    Бизнес-процестерді құру және оңтайландыру; проблемалық сұхбат жүргізу, HADI циклдар, гипотезалар: ораналастыру және тексеру; CusDev; MVP; инвестормен қарым-қатынас орнату; жобаға қаржыландыруды тарту көздері; JTBD; мақсат қою; қаржылық жоспарлау; шығындарды есепке алу және қаржылық талдау негіздері.

  • Дмитрий Баскаков

    В2С және В2В клиенттерімен келіссөздер жүргізу, кіріс алу жоспарын, баға саясатын және моделін әзірлеу, клиенттік базаны құру және дамыту, табыстылық көрсеткіштерін қадағалау, нарықты бағалауды жүргізу, факторлық талдау және болжау, Kaspi дүкенінде және басқа да маркетплейстерде жұмыс істеу, Google Ads-те жұмыс істеу, таргет.

  • Аюпов Дмитрий

    Мақсатты аудитория және құндылық ұсынысы, ABSDX сегментациясы, нарық пен бәсекелестерді талдау, тұтынушыларды зерттеу, проблемалық және шешуші сұхбаттар жүргізу, шектеулер мен өсу аймақтарымен жұмыс істеу, сатудан қорқыныштың болуы, тайм-менеджмент, Customer Development, HADI циклдары.

  • Ольга Эркаева

    FMCG тауарларын сатуда 20 жылдан артық уақыттай жұмыс істеуде. Компанияларда сату бөлімін құру және дамыту бойынша 15 жылдан артық тәжірибесі бар. Басқа қалада бөлімшелері бар компания басшысының деңгейіндегі 11 жылдан артық басқару тәжірибесі бар. ICBT, IPMA (C) сертификаттары бар. “Business Bilim 2023” жобасында трекер. Тақырыптар: менеджмент, қызметкерлер, B2B және B2C сатылым, басқару есебі.

  • Салтанат Агубаева

    Коммерциялық блоктағы ірі ұлттық компанияда 18 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, яғни В2С клиенттерімен тікелей жұмыс - қызметтерді сату. Оның ішінде, 5 жыл бойы сатылым технологиясы мен психологиясы бойынша қызметкерлерге оқыту жүргізді.

    СММ, CustDev, МА-мен жұмысты түсінудің сатылым нәтижелеріне әсерін зерттеді. Қазіргі уақытта сарапшыларды оқыту және жеке сүйемелдеу, олардың блогтарын Instagram-да жылжыту, жеке бренд құру, CustDev өткізу, өнім желісін құрумен айналысады.

  • Мария Жиркова

    Идеяларды қалыптастырудың креативті тәсілдері, бизнес-процестерді анықтау және шығындарды талдау, соның ішінде жасырын шығындарды іздеу, мотивация және шабыт, клиентке бағдарлану, көшбасшылық, әлеуметтік жауапкершілік, ресурстардың тиімділігі және ресурстарды үнемдеу, қызметкерлер мен фаундерлердің эмоционалды “күйзеліске ұшырауы”, оқытудағы ойын механикасы, он-бординг және персоналды басқару.

  • Алина Ахметшина

    2018 жылдан бастап WOOPPAY ЖШС-де тәуекелдік операциялармен жұмыс және кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша жетекші маман.

    2022 жылдан бастап Шахтинск қ., Қарағанды қ. (Пришахтинск) HANI кондитерлік-кофеханасының франшиза иесі.

    Кәсіби және сараптамалық дағдылары: іс-қимыл жоспарын құру дағдысы, тапсырмаларға басымдық беру, команданы фокустау, SMART дағдылары, ұйымдастырушылық қабілеттер, тәуекелдерді анықтау және оларды талдау.

  • Марат Давлетов

    Стартап кәсіпкер, B2B саласындағы жобалар, электронды БАҚ құру тәжірибесі, журналистикада (ТВ, электронды БАҚ), маркетингте, қоғамдық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар

  • Дарья Калаба

    IT/Fintech/Automotive салаларында жобаларды басқарудың 8 жылдан артық тәжірибесі бар. Стартапты іске қосу, сәтсіздікке ұшырау және сату, сондай-ақ корпорация базасында инновациялық зертхананы үдету тәжірибесі бар. Тақырыптар: UX/UI, CusDev, MVP құру (прототиптер + low code-no code)

  • Александра Чайка

    IT-салада 12 жылдан артық, оның ішінде банк саласында. CRM-жүйелерімен жұмыс тәжірибесі бар. Инфобизнес саласында сертификаттары бар (онлайн-мектептерді іске қосу және сүйемелдеу).

  • Татьяна Ковалева

    Стартаптар мен өсу кезеңіндегі жобаларды ауқымдау, өнімдік әдіснама, бизнес-процестерді құру, стратегиялық сессиялар өткізу, командаларды фасилитациялау, инвестицияларға дайындық, жобаларды орау және нарыққа шығару. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық сүйемелдеу, халықаралық мәмілелер, инвестицияларды құрылымдау және сүйемелдеу, меншік құрылымдарымен жұмыс, деофшоризация, активтерді қорғау. ESG-стратегияларды әзірлеу және енгізуді бақылау, бизнес-модельдердің тәуекелдері мен тұрақтылығын аудиттеу, есептілікті жолға қою және реттеушілік талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету. Цифрлық шешімдерді енгізу, ERP, KPI және OKR жүйелерімен жұмыс, кросс-функционалды командаларды құру, процестерді оңтайландыру, шығындарды азайту, корпоративтік трансформацияны басқару.

  • Лейла Көккөз

    Бизнес-процестерді құру және оңтайландыру, сату стандарттарын әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ ритейлден бастап қаржы және медицина ұйымдарына дейінгі түрлі салаларда командалардың жұмыс тиімділігін арттыру бойынша тәжірибесі бар. Сервис-менеджмент, сатуды басқару және маркетинг салаларында маманданған. Клиентке бағдарланған бизнес-модельдерді қалыптастыруға және қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар командаларды оқыту және дамыту, стратегиялық сессияларды фасилитациялау, сондай-ақ компанияларда жүйелі өзгерістерді енгізу бағыттарында да тимді қолдау көрсете алады.

  • Елена Петренко

    Маркетинг, өз өнімін жылжытуды білу, брендті дамыту,

    HADI-циклдар, маркетинг және брендинг, презентация дағдылары,

    Unit-экономика, нарықты есептеу.

  • Асема Садубаева

    Мақсат қою, KPI, персоналды жалдау, HR-мамандарды іздеу, ішкі HR (тимбилдингтер, қызметкерлердің күйзеліске ұшырауы мен уәждемесімен жұмыс істеу, корпоративтік құндылықтарды қалыптастыру және т. б.), персоналды іріктеу, кадр мәселелері, командамен жұмыс жөніндегі сарапшы, онбординг, оқытуға қажеттілікті анықтау, лауазымдық нұсқаулықтарды жасау, органды құрылымдарды құру және түрлендіру, welcome book жазу, миссияны, құндылықтарды қалыптастыру.

  • Валерий Маюшкин

    Жобаның предентациясы мен питчі, инвестицияларды тартуға дайындық, B2B маркетингі мен сатылымы, Scrum стартап жобасындағы операциялық басқару, backlog CustDev.

  • Илья Китанин

    Гипотезаларды тексеру, Unit-экономика, бәсекелестерді талдау, нарықты талдау, мақсатты аудитория, құндылық ұсынысы, басқару және команданы қалыптастыру, MVP, бизнес үшін фокус нүктесін табу.

  • Константин Осипов

    Әзірлеуді басқарудың икемді әдістемелері, стартап қаржысы, MVP өнімін "көп күш және уақыт жұмсамай" қалай жасауға болады, жоқ өнімді қалай сатуға болады, CustDev тренажер шешуші сұхбаттары.

  • Иван Бухонин

    Цифрлық өнімдерді әзірлеу, IT-командаларды құру және басқару, веб-жобаларды іске қосу және дамыту бағыттарында тәжірибесі бар. Бағдарламалау мен шешімдер архитектурасы саласында терең сараптамалық білімімен қатар, әзірлеу процестерін тиімді ұйымдастыруда жоғары құзыретке ие. Сонымен қатар жасанды интеллектті бизнес-процестерге енгізумен белсенді айналысады. Жоба идеясы қалыптасу кезеңінен бастап, технологиялық шешімдерді масштабтау сатысына дейін тиімді қолдау көрсете алады. MBA дәрежесіне ие және жобаларды сүйемелдеуде көпжылдық тәжірибесі бар. Бизнес-процестерді жүйелі түрде құруға және оңтайландыруға көмектеседі.

  • Алексей Добрусин

    Сату, касдев, нарықты талдау, жарнама, интернет-жарнама, өнімді әзірлеу, юнит-экономика, топты жинау және басқару.

  • Дамир Уали

    Сайттарды құру, Lovable-да лендингті әзірлеу. Өнімді басқару, MVP-ді құру, гипотезаны тексеру.

  • Илья Шаяпов

    Мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет, инвестициялар, өндіріс, бизнес-модель, инвестицияларды тарту үшін компанияны бағалау әдістемесі, клиенттерді тарту және оларды ұстап қалу.

  • Ольга Пак

    Бухгалтерлік есеп, бизнестегі бухгалтерлік есеп және салық есебі, бизнестегі бухгалтерлік есептің маңыздылығы, кадрлық есеп, салықтық есеп, іс жүргізу, шарттар.

  • Анастасия Морой

    Маркетингте бизнес-процестерді енгізу, талдау, жоспарлау, маркетингтік жоспарды іске асырудағы бақылау және түзету, маркетингтік қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін бақылау, жарнамалық науқанды өткізудің нюанстары, таргет науқанын өткізу, SMM-менеджмент. Мақсаттар мен міндеттерді дұрыс қою, ұйымдық және функционалдық құрылымды қалыптастыру, команданы таңдау, бақылау және кері байланыс, тайм-менеджмент.

  • Денис Скоморохов

    Shut up and take my money - жобалардың инвестициялық тартымдылығы, инвестицияларды тарту раундтары - кімге және қашан ақшаға ұмтылу керек, сіздің жобаңыз туралы инвестор не білгісі келеді (бірақ әрқашан сұрамайды)?

  • Максим Гудименко

    Әрекеттегі кәсіпкер, Wildberries және Ozon-да маркетплейстерінде тауарларды сатамын, айлық айналымы 5 млн теңге. Мен сізге маркетплейстің бизнес-моделі туралы және одан қалай ақша табуға болатындығы туралы айтып беремін. 3 жылдан аса және 50 млрд.руб. орта және ірі бизнеске инвестициялау тәжірибесі бар ех.Сбербанк талдаушысы. Жоба бойынша қаржылық модель құруға және инвестицияларды тарту үшін презентация дайындауға көмектесемін.

  • Ануар Байтулаков

    Бастау үшін бизнесті жылжыту арналары, бизнесті масштабтау кезіндегі маркетинг көрсеткіштері, Қазақстан нарығында позициялау.

  • Шұғыла Сағынбекова

    Стартапты жылжыту, коммуникация, маркетинг, linkedin, жеке бренд құру, community management, SMM, PR-lead

  • Василий Лихачев

    Сатуды басқару, бөлшек сауда және сервистік бизнесті дамыту, сондай-ақ компанияларды әртүрлі кезеңдерде масштабтау салаларында тәжірибесі бар. Сонымен қатар нарықтың перспективалы сегментін таңдауға, құндылық гипотезаларын тексеру процесін құруға, сатуға жоғары конверсия беретін мықты құндылық ұсынысын қалыптастыруға көмектеседі. Бизнес үшін тиімді проблемалық сұхбаттарды дұрыс жүргізу тәсілдерін үйретеді. Өнімді жылдам әрі аз шығынмен тестілеу жолдарын көрсетіп, жобаның дамуы мен өсуіне жүйелі тәсіл қалыптастыруға қолдау көрсетеді.

  • Руслан Хасанов

    Маркетингтік стратегия және Go-To-Market стратегиясын әзірлеу. Performance-маркетинг (Paid Ads, digital-арналар). Брендинг және brand marketing. B2B және B2C сегменттеріне арналған digital-маркетинг. ШОБ (шағын және орта бизнес) үшін маркетинг және өнімдерді іске қосу. Серіктестік және ко-маркетинг. SMM, контент және әлеуметтік желілер. Email-маркетинг және CRM-коммуникациялар. Product marketing және өнімді тиімді ұсыну. Финтех, банк және сақтандыру өнімдеріне арналған маркетинг. Креативті концепциялар мен продакшн (бейне, креативтер, кампаниялар). Маркетинг және конверсия тұрғысынан UX/UI. Web және маркетингтік аналитика, end-to-end аналитика. Маркетингтік командалар мен агенттіктерді басқару.

  • Алина Муллагалиева

    IT-жобаларды басқару (Agile, Scrum, Kanban), цифрлық өнімдер мен маркетплейстерді (MVP) іске қосу. Техникалық тапсырмалар мен жобалық құжаттаманы әзірлеу. IT-рекрутинг (әзірлеушілерді іздеу және іріктеу), дизайн-жобаларды және команданы басқару. Клиентке бағдарлану және тиімді коммуникациялар. Сатып алу және жабдықтау (мемлекеттік және жеке сектор).

  • Еркуат Омырзаков

    Бизнесті дамыту және B2B-жобаларды масштабтау, жаңа нарықтарға шығу (Орталық Азия, Шығыс Еуропа). B2B-сатулар және корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу. Ірі тапсырыс берушілермен және интеграторлармен келіссөздер жүргізу. Серіктестік желілерді құру және дамыту, IT және телеком өнімдерін нарыққа шығару. Нарықты талдау және мықты құндылық ұсынысын қалыптастыру. Адамдардың алдында сөйлеу және іскерлік презентациялар өткізу. Стартаптарға күрделі IT-өнімдерді тиімді ұсыну және сату бойынша кеңес беру.

  • Еркуат Омырзаков

    Жобаны идеядан бастап өндірістік пайдалануға енгізуге дейін толық іске асыру. Тапсырыс берушімен жұмыс (қарсылықтармен жұмыс істеу, ұсыныстар жасау, өз позициясын қорғау, инвесторлар тарту, презентациялар өткізу). Команданы қалыптастыру және жұмыс процестерін ұйымдастыру. Тапсырмаларды жоспарлау құралдарын тиімді пайдалану (Trello, Jira, Redmine). Тайм-менеджмент. Техникалық құжаттаманы әзірлеу. Бизнес-жоспар құру. Agile әдіснамасын қолдану, соның ішінде SCRUM элементтерімен икемді жұмыс істеу. Жобаны монетизациялау, тиімді сату арналарының іздеу. Lean (үнемді өндіріс) тұжырымдамасын қолдану және Vision Zero концепциясын IT саласында енгізу мүмкіндіктері.

  • Гайни Ибрагимова

    Ақпараттық технологиялар мен киберқауіпсіздік салаларында маркетингтік стратегияларды әзірлеу, өнімдік маркетинг жүргізу, нарықты және мақсатты аудиторияны зерттеу, маркетингтік стратегияларды құру және іске асыру, сондай-ақ IT-шешімдерді позициялау мен ілгерілету, халықаралық көрмелер, конференциялар мен форумдарды ұйымдастыру, тиімді контент жасау және әлеуметтік желілерді дамыту, сонымен қатар компания ішінде жүйелі маркетингтік функцияны қалыптастыру.

  • Мира Бейсекеева

    Тиімді процестерді құру, басқарушылық шешімдерді жақсарту және компания жұмысын жүйелеу арқылы табысты арттыру. Бұл тәсіл классикалық бизнес құралдарын менторинг және психологиялық әдістермен, соның ішінде когнитивті-мінез-құлықтық терапия (КМТ) мен нейроәдістерді біріктіреді. Бұл тек бизнестегі өсу нүктелерін табуға ғана емес, сонымен қатар кәсіпкердің жеке шектеулерімен - қорқыныш, күйіп кету (эмоционалдық қажу), өз-өзіне сенімсіздік және басқарушылық блоктар сияқты мәселелермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  • Зарина Какенова

    SMM және digital-маркетинг (Instagram, таргетинг, аналитика, контент), no-code/low-code шешімдерін (make.com және т.б.) пайдалана отырып бизнес-процестерді автоматтандыру, онлайн мектептерді іске қосу және масштабтау, digital ортада жобалар мен командаларды басқару, іс-шаралар ұйымдастыру (нетворкинг, жарнама/ілгерілету), әйелдер кәсіпкерлігі, жылжымайтын мүлікке және қор нарығына инвестиция салу.

  • Сергей Габов

    Медициналық, финтех және биотехнологиялық стартаптар саласында сарапшы ретінде қызмет етеді. Медициналық клиникаларды басқару тәжірибесі бар, бизнес дамыту бойынша кеңес беру, инвестициялық талдау жүргізу және жасанды интеллект шешімдерін енгізу саласында тәжірибеге ие. Қаржылық сауаттылық бойынша подкаст авторы.